Ақниет Күмісбай U7–U17 жас санатындағы спортшылар арасында өткен шахматтан Азия чемпионатына қатысты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Чемпионат 2–10 қазан аралығында Ресейдің Тула қаласында өтті. Жарысқа 12 елден 300-ден астам жас шахматшы қатысты.
Ақниет Күмісбай G11 жас санатында Қазақстан намысын қорғады. Ол блиц турнирінде жақсы нәтиже көрсетіп, үшінші орынға ие болды және қола медаль жеңіп алды.
Спортшыны жеке жаттықтырушысы А. С. Биманов пен аға жаттықтырушы Ю. А. Каланадарова дайындайды.
Айта кетейік, 2025 жылы Ақниет Күмісбай шахматтан өткен XIX халықаралық Азия чемпионатында да жоғары нәтиже көрсетті. Блиц турнирінде 9 жасқа дейінгі қыздар арасында екінші орын алып, шеберлігі мен сенімді ойынын танытты.