Теннисші Алан Құрманғалиев WTT Youth Smash турнирінде күміс медальға ие болды

/
Теннисші Алан Құрманғалиев WTT Youth Smash турнирінде күміс медальға ие болды
olympic.kz

Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының өкілі Алан Құрманғалиев Қытайдың Бейжің қаласында өткен беделді WTT China Youth Smash турнирінде күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстандық спортшы U19 жас санатында өнер көрсетті. Жарыс барысында Құрманғалиев алты кездесуде жеңіске жетіп, финалға дейін жетті.

Жартылай финалда отандасымыз Қытай өкілі У Ифэймен тартысты ойын өткізіп, 4:3 есебімен басым түсті.

Шешуші кездесуде Құрманғалиев тағы бір қытайлық теннисші Тан Ижэньмен кездесті. Бұл жолы қазақстандық спортшы қарсыласына есе жіберіп, турнирді екінші орынмен аяқтады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары