Хайсам бен Тариқ Әл Саид Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты Оман Сұлтандығының ең жоғары мемлекеттік наградасы – Әл Саид орденімен марапаттады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Награданы табыстау рәсімі Тәуелсіздік сарайында екі ел Мемлекет басшыларының келіссөздерінен кейін өтті.
Бұған дейін Оман Сұлтаны Қазақстанға алғашқы сапарында «Алтын Қыран» орденімен марапатталған болатын.