Каспийдегі қайғылы оқиға: Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы Бас қолбасшысы ұсталды

/
Каспийдегі қайғылы оқиға: Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы Бас қолбасшысы ұсталды

Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы Қанат Ниязбековтің ұсталды, деп хабарлайды turkystan.kz Kozachkov телеграм-арнасына сілтеме жасап.

"Каспий теңізіндегі оқу-жаттығуда 14 әскери қызметкер қаза тапқаннан кейін Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы Қанат Ниязбеков ұсталды. Ол қызметтік міндетіне салғырт қарады деген күдікпен уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ниязбеков аталған іс бойынша алтыншы күдікті болды", – делінген хабарламада. 

Еске сала кетейік, 24 қыркүйек күні Каспий теңізінде «Хазар Қорғаны – 2026» оқу-жаттығу барысында 14 сарбаз суға кетіп, қаза тапқаны туралы хабарланған болатын. Кейін әскери қызметшілердің қаза болуына қатысты іс бойынша Қорғаныс министрлігі жүйесінен бес лауазымды тұлға ұсталған болатын. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары