Жамбыл облысында жанжалдан соң оқушы қайтыс болды

/
Жамбыл облысында жанжалдан соң оқушы қайтыс болды
istockphoto

Жамбыл облысында кәмелетке толмағандар арасындағы жанжал өліммен аяқталды, деп хабарлайды өңірлік білім басқармасы.

Жамбыл облысы Білім басқармасының баспасөз қызметі берген ақпаратқа сәйкес, қайғылы оқиға Байзақ ауылында болған.

"3 қазанда сағат 22:00 шамасында кәмелетке толмағандар арасында жанжал болып, соның салдарынан 2011 жылы туған жасөспірім алған жарақатынан көз жұмды", - делінген хабарламада.

Оқиғадан кейін екінші кәмелетке толмаған баланың ұсталып, полиция бөліміне жеткізілгені атап өтілді.

"Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы 3-бөлігі ("Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, қажетті тергеу әрекеттері атқарылуда", - деп түйіндеді басқарма.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары