Қазақстан мен Өзбекстан боксшылары жеңістерін бірге атап өтті

/
Қазақстан мен Өзбекстан боксшылары жеңістерін бірге атап өтті
видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде қазақстандық боксшы Төрехан Сабырханның Өзбекстан ұлттық құрамасының өкілдерімен бірге жеңісті атап өтіп, билеп жүрген видеосы тарады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Мерекелік сәтке Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мұталип, Өзбекстан Ұлттық Олимпиада комитетінің басшысы Отабек Умаров және екі елдің жанкүйерлері де қосылған.

Айта кетейік, бүгін Төрехан Сабырхан мен Айбек Оралбай Азия ойындарында алтын медаль иеленді. Бұл Қазақстан боксшылары үшін Азия ойындарындағы 12 жылдан кейінгі маңызды жеңіс болды.

Қазақстандық және өзбекстандық спортшылардың жеңісті бірге атап өтуі әлеуметтік желі қолданушыларының назарын аударды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар