Мексика Ұлттық гвардиясы алғаш рет чихуахуаны қызметке алынды

/
Мексика Ұлттық гвардиясы алғаш рет чихуахуаны қызметке алынды

Мексиканың Ұлттық гвардиясы алғаш рет чихуахуа тұқымды итті қызметке қабылдады. Командо есімді 13 айлық ит қазір басқа қызметтік иттермен бірге арнайы дайындықтан өтіп жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz yahoo.com-ға сілтеме жасап.

Командоның бойы небәрі 21 сантиметр, салмағы шамамен 7 келі. Соған қарамастан оны іздестіру-құтқару операцияларына қатысуға үйретіп жатыр. Жаттығу кезінде ол баспалдақпен көтерілу, кедергілерден өту және түрлі тапсырмаларды орындау бойынша машықтанады.

Итке арнайы тактикалық кеудеше, қорғаныс көзілдірігі, дулыға және шағын камера орнатылған. Әдетте Мексика Ұлттық гвардиясының кинологиялық бөлімінде неміс овчаркалары мен лабрадорлар сияқты ірі тұқымды иттер қызмет етеді.

Ұлттық гвардия Командоны шамамен алты ай бұрын Чиуауа штатында асырап алған. Бұған дейін оның иелері егде тартуына байланысты итке күтім жасай алмай қалған.

Қазір Командо тек арнайы дайындықпен шектелмей, қоғамдық іс-шараларға, мектептердегі кездесулерге және түрлі ресми шараларға да қатысады. Ол Мексиканың Тәуелсіздік күніне арналған шеруде де көпшілік назарына түскен.

Ұлттық гвардия өкілдерінің айтуынша, Командоның қызметке алынуы қызметтік иттер міндетті түрде ірі тұқымды болуы керек деген түсінікті өзгертуге көмектеседі. Сонымен қатар оның қоғаммен байланыс орнатуда да ерекше рөл атқаратыны айтылды.

Мексика Ұлттық гвардиясының кинологиялық құрамында қазір шамамен 350 ит бар.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары