Сәкен Майғазиев «Музарт» тобының бұрынғы әншісі Мақсат Базарбаевты 50 жасқа толуымен құттықтап, әлеуметтік желіде жазба жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Әнші мерейтой иесіне ақ тілегін арнап, араларындағы достықтың берік екенін атап өткен. Сондай-ақ өнер иесі өздері туралы айтылатын өсек-аяңның достықтарына әсер етпейтінін жеткізген.
«Ақ Мәкем, біз туралы өсек-аяң көп. Ол біздің берік достығымызға кедергі емес. Қуанышымызда да, қиындығымызда да бір-біріміздің қасымыздан табыла білетініміз бірінші Аллаға, сосын бізге аян. Сызат түспеген сыйластығымыз тағы елу жылға жалғассын! 50 жасың құтты болсын, досым! Отбасыңа амандық, шығармашылығыңа шабыт тілеймін. Құшақтадым!» – деп жазды Сәкен Майғазиев.