15 қарашадан бастап тағы бір тасжол ақылы жүйеге қосылды

/
15 қарашадан бастап тағы бір тасжол ақылы жүйеге қосылды
istockphoto

15 қарашадан бастап "Ақтөбе – Қандыағаш" тасжолының бір бөлігі ақылы болды, деп хабарлайды "ҚазАвтоЖолға" сілтеме жасаған turkystan.kz.

Ұлттық компанияның мәліметінше, 2026 жылғы 15 қарашадан бастап республикалық маңызы бар "Ақтөбе – Қандыағаш" автожолының 89 шақырымы ақылы жүйеге қосылды. Бұл бөлік бұрыннан жұмыс істеп тұрған "Қандыағаш – Мақат" ақылы жолының құрамына енгізілген. Нәтижесінде ақылы жолдың жалпы ұзындығы 469,5 шақырымға жетіп отыр.

"Жолдың 11+000 және 87+200 шақырым белгілері аралығында барлық көлік түрінен ақы алынады. Ал қалған бөлігінде тек автобустар мен жүк көліктері үшін төлем қарастырылған. Жеңіл көліктер тегін жүреді", - делінген хабарламада.

Жолақы мөлшері көлік түріне және төлеу тәсіліне байланысты. Мәселен, жеңіл автокөлікпен жолдың ақылы бөлігін бір бағытта жүріп өту құны алдын ала төлегенде шамамен 240 теңге, ал сапардан кейін төлегенде 276 теңге болады.

Қазір жол бойына 10 бақылау аркасы орнатылған. Олар көліктің мемлекеттік тіркеу нөмірін автоматты түрде анықтап, жүріп өткені үшін төлем есептейді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары