Ұлттық ұланда сарбаздар арасында «Quiz» интеллектуалдық ойыны ұйымдастырылды

/
Ұлттық ұланда сарбаздар арасында «Quiz» интеллектуалдық ойыны ұйымдастырылды
Фото: ұлттық ұлан

2026 жылғы 13 қарашада Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 6636 әскери бөлімінде байланыс ротасы жастар орталығының ұйымдастыруымен сарбаздар арасында «Quiz» интеллектуалдық ойыны өткізілді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Зияткерлік сайыстың басты мақсаты – әскери қызметшілердің білім деңгейін арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, тапқырлыққа баулу және әскери ұжымдағы бірлік пен ынтымақтастықты нығайту.

Білім додасында «Бүркіт», «Арлан» және «Жолбарыс» командалары өзара бақ сынап, зеректік пен тапқырлықтарын ортаға салды.

Интеллектуалдық ойын барысында сарбаздар ой ұшқырлығын, жылдам шешім қабылдау және командамен бірлесе әрекет ету қабілеттерін көрсетті.

Аталған іс-шара әскери қызметшілердің бос уақытын тиімді өткізуге, олардың зияткерлік әлеуетін дамытуға және өзара жолдастық қарым-қатынастарын нығайтуға бағытталды.

Ұлттық ұлан қатарында мұндай танымдық іс-шараларды ұйымдастыру сарбаздардың жан-жақты дамуына, білімге құштарлығын арттыруға және әскери ортада ұйымшылдық рухын қалыптастыруға ықпал етеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары