Сенбіде қай қалада ауа сапасы нашарлайды

/
Сенбіде қай қалада ауа сапасы нашарлайды
istockphoto

«Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

19 қыркүйекте Қарағанды, Балқаш, Теміртау, Орал, Атырау, Ақтөбе, Алматы қалаларында және түнде Астанада қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, – делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары