«Байтақ» партиясының мүшелері Ұлытау облысының тұрғындарына бағдарламасын таныстырды

/
«Байтақ» партиясының мүшелері Ұлытау облысының тұрғындарына бағдарламасын таныстырды
"Байтақ" партиясының сайты

Ұлытау облысында «Байтақ» жасылдар партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстыру жұмысы белсенді жүріп жатыр. «Байтақ» партиясының өкілдері Жезқазған тарихи-археологиялық музейінде кездесу өткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жиынға музей қызметкерлерімен қоса, облыстық мәслихат депутаты, ардагерлер кеңесінің мүшелері, партия өкілдері мен қоғам белсенділері қатысты.

«Байтақ» партиясының үміткерлерімен кездесу барысында қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, өңірлердің тұрақты дамуы, халықтың өмір сүру сапасын арттыру мәселесі талқыланды.

Шараға қатысушылар, әсіресе, эколық қауіпсіздік, Ұлытау өңірінің табиғи және тарихи-мәдени мұрасын сақтау мәселесіне назар аударды. Тараптар табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалану және қоршаған ортаны қорғаудың өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін маңызды екенін атап өтті.

«Байтақ» партиясының кандидаттарымен кездесу ашық диалог форматында өтті. Тараптар «Байтақ» партиясының сайлауалды бағдарламасы бойынша пікір алмасып, өңірдің даму перспективаларына қатысты ұсыныстарын ортаға салды.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар