Доллар бағасы күрт төмендеді

/
Доллар бағасы күрт төмендеді
istockphoto.com

Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық аяқталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

17 тамыздағы сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 2,58 теңгеге төмендеп, 461,39 теңгені құрады.

Ресей рублі 0,09 теңгеге арзандап, 5,40 теңгеге дейін төмендеді. Қытай юанінің бағамы 0,35 теңгеге төмендеп, 68,53 теңгені құрады.

Айырбастау пункттерінде долларды 462,18–464,15 теңге аралығында сатып алып, сатып жатыр. Еуро 532,22–537,38 теңге аралығында, ал Ресей рублі 5,17–5,33 теңге аралығында саудалануда.

Таңертең Қазақстан Ұлттық банкі доллардың ресми бағамын 474,63 теңге, еуроны 544,50 теңге, ал рубльді 5,92 теңге деңгейінде белгіледі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар