Министрлік әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға кешенді тексеру жүргізбек

/
Министрлік әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға кешенді тексеру жүргізбек
istockphoto.com

Ғылым және жоғары білім министрлігі жастар арасында студенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету іс-шараларын күшейту мақсатында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне кешенді тексеру жүргізеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Министрліктің мәліметінше, ҚазҰУ-ға мониторингтік топ жіберіледі. Топ студенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өмірі мен денсаулығын қорғау бөлігінде заңнама мен ішкі құжаттар талаптарының сақталуын зерделейді, сондай-ақ тәрбие, әлеуметтік-психологиялық және профилактикалық жұмыстардың тиімділігін бағалайды.

«Жанжалды жағдайларды анықтау мен алдын алудың, студенттердің өтініштеріне уақтылы ден қоюдың және оларға психологиялық көмек көрсетудің қолданыстағы тетіктеріне ерекше назар аударылады.

Тексеру қорытындысы бойынша студенттік ортада қауіпсіздікті арттыру және профилактика жүйесін жетілдіру жөнінде қосымша іс-шаралар әзірленеді», – делінген ақпаратта.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары