«10 жыл бұрынғы жақсылығына...»: Қызылордалық кәсіпкер Тұрсынбек Қабатовқа ерекше сый жасады

/
«10 жыл бұрынғы жақсылығына...»: Қызылордалық кәсіпкер Тұрсынбек Қабатовқа ерекше сый жасады

Қызылордалық кәсіпкер Әділет Байнашев танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовқа Умраға жолдама сыйлады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Кәсіпкер өнер иесін өз мейрамханасында күтіп алып, құрмет көрсетті.

«2016 жылы Тұрсынбек ағамен танысқанмын. Танысқан күні сырласып, жақсы ағалы-інілі болып, 2017 жылы анамның тойын басқарып беретін болып уәде берген. Әрине, тегін. Ол – Тұрсынбек Қабатов қой. Ойлаңыздаршы, 2016 жылы анамның тойы болатын күнді ағам өзі белгілеп, бір ауыз сөзім үшін арнайы келіп басқарып берген. Алла қаласа, бүгін араға 10 жыл салып, сол жақсылығына өзімнің алғысымды білдірсем деп тұрмын.

Тұрсынбек ағама отбасымыздың атынан умраға жолдама сыйладым», – деп жазды кәсіпкер.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары