Үкімет: Кәсіп бастауға ниетті азаматтарға жаңа бағдарлама іске қосылды

/
Үкімет: Кәсіп бастауға ниетті азаматтарға жаңа бағдарлама іске қосылды
istockphoto.com

Нақты бизнес-идеясы бар, алайда оны жүзеге асыруға қаржылық мүмкіндігі жеткіліксіз азаматтарға арналған «Арманнан іске» бағдарламасы пилоттық режимде жүзеге асырылуда. Бұл туралы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басқарма төрағасы Фархат Сәрсекеев мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оның айтуынша, бағдарлама аясында қажетті 85%-ға дейін кепілдік беріледі. Бұл кәсіп бастағысы келетін азаматтардың қаржы институттарынан несие алуына мүмкіндік ашады.
Бағдарламаға қатысудың негізгі талаптары:

  • бастапқы жарнаға арналған жеке жинағының болуы;
  • оң кредиттік тарихының болуы;
  • дайын бизнес-жоспар ұсынуы.

Сонымен қатар кәсіпті жүзеге асыратын орын, өнімді немесе қызметті өткізу мүмкіндігі, ғимаратты жалға алу не жеке нысанды пайдалану мәселелері де ескеріледі.

Пилоттық жобаның нәтижесі оң болған жағдайда бағдарламаны еліміздің барлық өңіріне тарату жоспарланып отыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары