Желіде балағат сөздер айтқан Семей тұрғынына айыппұл салынды (ВИДЕО)

/
Желіде балағат сөздер айтқан Семей тұрғынына айыппұл салынды (ВИДЕО)

Полицейлер әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында TikTok-тағы тікелей эфирде балағат сөз айтқан әйелді анықтады. Ол Семей қаласының 38 жастағы тұрғыны Әсем Садыкова болып шықты, деп хабарлайды turkystan.kz.

16 қарашада оның әрекеті сотта қаралып, 83 мың теңге айыппұл салынды. Жаза тағайындау кезінде сот әйелдің кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырғанын ескерді.

Полиция әлеуметтік желілерде де қоғамдық тәртіп пен әдеп нормаларын сақтау қажеттігін ескертеді. Тікелей эфир кезінде балағат сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзу заң аясында жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары