Балқашта 47 жастағы жұмысшы ауыр жарақат алды

/
Балқашта 47 жастағы жұмысшы ауыр жарақат алды

Балқашта өндіріс орнында болған жазатайым оқиғаға байланысты арнайы тергеу жүргізіліп жатыр. Зардап шегуші қолынан ауыр жарақат алып, медициналық көмек көрсетілгеннен кейін ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Монтажник-ЭМ» ЖШС-нің Балқаштағы өндірістік бөлімшесінде токарьлық жұмыстарды орындау кезінде 47 жастағы жұмысшы жарақат алған.

Алдын ала мәлімет бойынша, токарь токарлық станокта білікті наждак қағазымен тегістеу кезінде оң қолынан жарақат алған. Оқиғадан кейін ер адам Балқаш қаласының орталық ауруханасына жеткізілді.

Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің департаменті хабарлағандай, жұмыс беруші болған жазатайым оқиға туралы ведомствоға ресми түрде хабарлаған.

— Оқиғаға байланысты жазатайым жағдайды арнайы тергеу жөніндегі комиссия құрылды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып, сондай-ақ жұмыстарды орындау кезінде қауіпсіздік талаптарының сақталуына баға беріліп жатыр, — деп хабарлады Қарағанды облысының еңбек инспекциясы.

Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы зардап шегушінің жағдайы орташа ауырлық дәрежесінде екенін және тұрақты екенін мәлімдеді. Науқастың есі анық, байланысқа түсе алады, жағдайды дұрыс бағдарлайды және әрекеті адекватты.

— Операциялық емнен кейінгі жағдайы динамикада тұрақты. Жалпы қан талдауын динамикалық бақылауды қажет ететін постгеморрагиялық анемия сақталып отыр. Бастапқы көрсеткіштермен салыстырғанда лейкоцитарлық реакция төмендеді. Түзетуден кейінгі қан ұю көрсеткіштері тұрақты, — деп хабарлады ведомство.

Оқиғаның себептері мен еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталуына қатысты түпкілікті қорытынды арнайы тергеу нәтижесі бойынша жасалады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары