Ақмола облысында 270-тен аса гектар жер өртеніп кетті

/
Ақмола облысында 270-тен аса гектар жер өртеніп кетті
ТЖД

Ақмола облысы аумағындағы бірнеше ауданда дала өрті тіркелді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Құрғақ шөптің жануы Ерейментау, Біржан сал, Целиноград, Қорғалжын және Ақкөл аудандарында, сондай-ақ Степногорск қаласына қарасты Изобильное ауылында болды.

ТЖД мәліметінше, елді мекендерге қауіп төнген жоқ. Өрттерді сөндіруге ТЖД күштері, Степногорск орман шаруашылығының қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар, «Азамат» шаруа қожалығы, «Ауыл құтқарушылары» құралымдары, сондай-ақ «Қазавиаорманқорғау» бөлімшелері жұмылдырылды.

«Құтқарушылардың жедел әрі үйлесімді іс-қимылының арқасында барлық өрт ошақтары толықтай сөндірілді. Өрт шарпыған жалпы аумақ 273,06 гектар болды.

Өрттің алдын ала себебі — тұлғасы анықталмаған адамдардың отпен абайсыз әрекет етуі.

Ақмола облысының ТЖД азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға, құрғақ өсімдіктерді өртеуге жол бермеуге және өртті байқаған жағдайда 101 немесе 112 нөмірлеріне дереу хабарлауға шақырады», – делінген хабарламада.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары