Алматыда бірегей футбол академиясы салынады

/
Алматыда бірегей футбол академиясы салынады

Алматыда FIFA халықаралық стандарттарына сәйкес жұмыс істейтін толық циклді халықаралық футбол академиясын салу жоспарланып отыр. Жоба «АлматыМетроҚұрылыс» АҚ акционері Қайрат Реимовтың жеке инвестициясы есебінен жүзеге асырылады. Компанияның мәліметінше, бастама Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту жөніндегі тапсырмасына отандық бизнестің қолдауы ретінде қолға алынған.

Болашақ спорт кластері Құлагер ша­ғын ауданындағы 3,7 гектар жеке аумақта бой көтереді. Барлық қажетті келісімдер уақытында алынған жағдайда, кешеннің құ­рылысы 1,5-2 жыл ішінде аяқталады деп жоспарланған.
Жоба аясында 500 орындық жалпы бі­лім беретін мектеп, Қазақстанның бар­лық өңірінен келетін балаларға арналған 320 орындық кампус-қонақүй, тамақтану ор­талығы, саябақ аймақтары мен фитнес алаңдары салынады.
Кешен аумағында FIFA талаптарына сай екі толық өлшемді футбол алаңы орналастырылады. Оның бірі жабық манежде, спортшыларға жыл бойы ауа райына қарамастан жаттығуға мүмкіндік береді.
Жоба авторларының айтуынша, ака­демияда балаларға оқу мен спортты қатар алып жүруге барлық жағдай жасалады. Со­нымен қатар өңірлердегі дарынды жас футболшыларға сапалы білім алып, кәсіби дайындықтан өтуге тең мүмкіндік бе­рі­леді.
Кешеннің басты сәулеттік ерек­ше­лік­терінің бірі – негізгі ғимараттың төбесіне ор­натылатын алып футбол добы болмақ. Ар­найы жарықтандырудың арқасында ол Алматының жаңа символдарының біріне ай­налып, күндіз де, түнде де алыстан көз­ге түсетін көрнекті нысан болады деп жос­парланып отыр. 
Айта кетейік, Алматыдағы «Қайрат» фут­бол академиясының түлегі, жас дарын Дас­тан Сәтбаев Англияның «Челси» ко­ман­дасына ауысты. Ол алғашқы оқу-жат­ты­ғуға арналған жолдастық кездесуде клуб сапында алаңға шығып, «Челсидің» мау­сымдағы бірінші голдың авторы атан­ды.
 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар