Оралдағы дәмханалардың бірінде 10 қылмыс тіркеліп, 70 шағым түсірілген

/
Оралдағы дәмханалардың бірінде 10 қылмыс тіркеліп, 70 шағым түсірілген
Polisia.kz

Оралда құқық бұзушылықтар жиі тіркелген дәмхананың жұмысы тоқтатылды. Жыл басынан бері аталған мекемеге қатысты полицияға 70-ке жуық шақырту түскен, деп хабарлайды turkystan.kz.

Орал қалалық полиция басқармасы қоғамдық тәртіпке жүргізген талдау барысында құқық бұзушылықтар жиі тіркелетін ойын-сауық орындарын анықтады. Олардың қатарында Жеңіс шағын ауданында орналасқан, таңғы сағат 06:00-ге дейін жұмыс істейтін SKY дәмханасы бар.

Полиция мәліметінше, жыл басынан бері аталған дәмханада 10 қылмыс тіркеліп, бірнеше әкімшілік құқық бұзушылық анықталған. Сондай-ақ түнгі және таңғы уақытта мекемеге қатысты «102» арнасына 70-ке жуық шақырту түскен.

Осыған байланысты қалалық полиция басқармасының ұсынысымен Төтенше жағдайлар басқармасы және санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының өкілдері бірлескен тексеру жүргізді.

Тексеру нәтижесінде бірқатар заң бұзушылық анықталып, дәмхананың қызметі тоқтатылды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл
Жаңалықтар