Президент Ұлытау облысының әкімі Есет Байкенді қабылдады

/
Президент Ұлытау облысының әкімі Есет Байкенді қабылдады
Ақорда

Мемлекет басшысы Ұлытау облысының әкімі Есет Байкенді қабылдады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Президентке Ұлытау облысының әлеуметтік-экономикалық даму барысы және алдағы кезеңге арналған жоспарлар жөнінде баяндалды.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңірдегі инфрақұрылымды дамыту, инвестиция тарту, өнеркәсіп әлеуетін көтеру, инженерлік желілерді жаңғырту және тұрғындарға сапалы әлеуметтік қызмет көрсету жұмыстары туралы мәлімет берілді.

Сондай-ақ басым жобаларды жүзеге асыру жөнінде ұсыныстар айтылды.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы облыстың орнықты дамуын қамтамасыз етуге, өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға және азаматтардың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған бірқатар тапсырма берді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар