Көкшетауда алаяқ зейнеткердің атына несие рәсімдеп, депозитіндегі ақшаны аударып алған

/
Көкшетауда алаяқ зейнеткердің атына несие рәсімдеп, депозитіндегі ақшаны аударып алған
istockphoto.com

Көкшетау қаласының полиция басқармасына жергілікті тұрғын өзінің банктік шотынан ірі көлемде ақша қаражатының заңсыз алынғаны туралы арызбен жүгінді. Келтірілген материалдық шығынның жалпы көлемі 3,1 млн теңгені құрады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, зейнеткер бірнеше ай бойы зейнетақысын ала алмаған. Себебі оның қолында батырмалы телефон болғандықтан, мобильді банктік қосымшаны пайдалану мүмкіндігі болмаған. Осыған байланысты ол қызмет көрсету орталықтарының біріне барып, банктік қосымшаны орнатуға көмек сұраған.

Тергеу барысында полиция қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікпен бір азаматтың жеке басын анықтады. Полицейлердің мәліметінше, күдікті зейнеткердің сеніміне кіріп, оның мобильді банктік қосымшасына қол жеткізген. Кейін депозиттік шоттағы ақша қаражатын көріп, оның бір бөлігін үшінші тұлғалардың есепшоттарына аударған. Сондай-ақ жәбірленушінің атына несие рәсімдеп, алынған қаражатты жеке қажетіне жұмсаған деген күдікке ілінді.

Зейнеткер бұл жағдайдан банк бөлімшесіне жүгінген кезде ғана хабардар болған. Банк қызметкерлері оның шотында қаражаттың жоқ екенін айтып, құқық қорғау органдарына жүгінуге кеңес берген.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жалғасуда. Оқиғаның барлық мән-жайы жан-жақты анықталуда.

Полиция азаматтарды қаржылық қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Мобильді банктік қосымшаларға, жеке деректерге, банк карталарына, құпиясөздерге және SMS арқылы келетін растау кодтарына бөгде адамдардың қол жеткізуіне жол бермеу қажет. Мұндай мәліметтерді үшінші тұлғаларға беру ауыр қаржылық шығынға әкелуі мүмкін.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар