Жасанды интеллект қарқынды дамып жатқан кезеңде "Альфа" буынының балалары цифрлық емес, қолмен істелетін жұмыстарға көбірек қызығушылық танытып отыр. Зерттеу нәтижесіне сәйкес, 5-16 жас аралығындағы балалардың 85%-ы болашақта өрт сөндіруші, электрик, дәнекерлеуші сияқты практикалық мамандықтарды таңдауды қалайды, деп хабарлайды turkystan.kz.
2 мың ата-ана мен олардың балалары қатысқан сауалнамада балалардың басым бөлігі өз қолымен нақты нәтиже шығаратын жұмысты маңызды санайтыны анықталған. Сонымен қатар респонденттердің 90%-ы адамдарға көмектесетін кәсіпті, ал 87%-ы шығармашылыққа мүмкіндік беретін мамандықты қалайтынын айтқан.
Зерттеу барысында ата-аналардың 90%-ы балаларымен болашақ мамандық туралы әңгімелесіп үлгергені белгілі болды. Олардың пікірінше, мұндай әңгімені орта есеппен 9 жастан бастаған дұрыс. Ал ата-аналардың 14%-ы балалары бес жасқа толмай тұрып-ақ болашақ кәсіп туралы сөз қозғайтынын жеткізген.
Сауалнама нәтижесі ата-аналардың 70%-ы баласының жұмысшы мамандықтарын таңдауына қолдау көрсетуге дайын екенін көрсетті.