Астанада такси жүргізушісі клиенттің алтындарын ломбардқа өткізіп жіберді деген күдікке ілінді

/
Астанада такси жүргізушісі клиенттің алтындарын ломбардқа өткізіп жіберді деген күдікке ілінді
shutterstock.com

Астанада такси жүргізушісі клиент тапсырған бағалы заттарды ұрлады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Полиция мәліметінше, 33 жастағы ер адам алаяқтық жасады деп күдікке ілінген. Тергеу дерегіне сәйкес, клиент оған курьер ретінде басқа қалаға жеткізу үшін бірнеше қорап берген. Алайда такси жүргізушісі қораптарды ашып, ішінен зергерлік бұйымдарды тапқан.

Кейін күдікті алтын әшекейлерді ломбардқа өткізіп, 3 млн теңгеден астам ақша алған. Ал жеткізу туралы тапсырманы орындамаған.

"Жедел-іздестіру шаралары барысында Алматы аудандық криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтап, оны ұстады. Тергеу кезінде ер адам өз кінәсін толық мойындады", – делінген полиция хабарламасында.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Полиция азаматтарға бағалы заттарды бөгде адамдар арқылы жібергенде сақ болуды және тек ресми жеткізу қызметтерін пайдалануды ескертті.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар