Әскерден үйіне мүгедек болып оралған Мұхтар Ербаянның жағдайы жансақтау бөліміне түсіп қалды. Бұл туралы оның дәрігері мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Мұхтар Ербаянның дәрігері Ұлпан Советбекова Instagram желісінде мәлімдеме жасап, Ербаянның жағдайы нашарлап кеткенін хабарлады.
"Көпшілігіңіз мені Мұхтар Ербаянның оңалту және қалпына келтіру маманы ретінде танисыздар. Ресми түрде мәлімдеймін: кеше Мұхтар Ербаян шұғыл түрде Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы ауруханасына жатқызылды. Қазіргі уақытта мен өзім де ем қабылдап, аурухана парағында жүргеніме қарамастан, Ербаянның ата-анасының өтініші бойынша осы мәлімдемені жасап отырмын", - деп жаздыы ол.
Дәрігердің айтуынша, Ербаян жансақтау бөлімінде жатыр, ал ата-анасы оның денсаулығына қатысты қажетті ақпараттарды толық ала алмай отыр.
"Сол себепті баршаңыздан бейжай қалмай, қолдан келгенше көмектеріңізді аямай, қолдау білдірулеріңізді сұраймыз. Оған дұға жасап, жақсы тілектеріңізді арнаңыздар. Қазіргі сәтте бұл ол үшін де, отбасы үшін де өте маңызды. Қолдау білдіріп, алаңдап жүрген әрбір жанға үлкен рақмет!", - деп жазды ол.