Полиция қайғылы жағдай бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады.
Аққулы ауданы Шарбақты ауылы маңындағы автожолда Lada Гранта және Газ-33023 жеңіл көліктері соқтығысып, апат салдарынан екі адам көз жұмған.
Алдын ала мәліметтер бойынша, екі автокөлік автожолда соқтығысқан. Апат салдарынан жеңіл автокөліктің жүргізушісі мен жолаушысы ауруханада көз жұмды, тағы бір жолаушы ауруханаға жатқызылды. Аталған жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды, — деп хабарлады өңірлік полиция департаментінен.
Қазіргі уақытта көліктер мамандандырылған айып тұрағына қойылған. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады.
Тәртіп сақшылары мұндай қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін жол қозғалысына қатысушыларға жол қозғалысы ережелері мен жылдамдық режимін қатаң сақтауды, қозғалыс қарқынды учаскелерде абай болуды және көлік құралының техникалық жағдайын бақылауда ұстауды ескертеді.