Астана 2026 жылғы күрес түрлерінен әлем чемпионатын қабылдайды

/
Астана 2026 жылғы күрес түрлерінен әлем чемпионатын қабылдайды
Fredrik von Erichsen/picture alliance via Getty Images

Астана 2026 жылғы күрес түрлерінен әлем чемпионатын қабылдайтын қала ретінде бекітілді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ұйым бюросы турнирді Бахрейн астанасы Манамада өткізу мүмкін болмағандықтан, осындай шешім қабылдаған. Бұған Таяу Шығыстағы әскери қақтығыстар мен соған байланысты қауіп-қатерлер себеп болған.

Арнайы сапарлар мен тексерістерден кейін Астана жаңа қабылдаушы тарап ретінде таңдалды. Жарыс өтетін орын ретінде «Барыс Арена» бекітілді. Әлем чемпионаты 2026 жылғы 24 қазан мен 1 қараша аралығында өтеді.

UWW өкілдері Астананың бұған дейін де, 2019 жылы әлем чемпионатын қабылдағанын атап өтті. Сол кезде жарыс көрерменге лық толы залда өткен. Ұйымдастырушылар бұл жолы да жанкүйерлердің белсенді қолдауын күтеді.

Турнирдің толық кестесі жақын уақытта жарияланады. Жарыста грек-рим күресі, еркін күрес және әйелдер күресі бойынша медальдар сарапқа салынады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары