Біреу жеп отырған фри дәмдірек көрінеді – зерттеу

/
Біреу жеп отырған фри дәмдірек көрінеді – зерттеу
сурет: istockphoto.com

Ғалымдар біреудің тәрелкесінен «біреуін ғана» деп алып жеген картоп фридің неге ерекше дәмді болып көрінетінін түсіндірді. Ресей медицина академиясының зерттеушілері жүргізген жаңа зерттеу нәтижесі бойынша, ұрлап не сұрап жеген тағам адамдарға шынымен де дәмдірек сезіледі, деп хабарлайды turkystan.kz.

Зерттеу Behavioral Psychology және тағам қабылдау ерекшеліктеріне арналған. Тәжірибеге 120 адам қатысқан. Алдымен оларға кәдімгі түрде картоп фри ұсынылған, кейін басқа адамның үлесінен жеу ұсынылған. Соңында қатысушылар жасырын түрде өзгенің фрисін жеп көруі керек болған.

Нәтижесінде сұрап жеген фри ең жоғары баға алған. Әсіресе ұсталып қалу қаупі жоғары жағдайда оның дәмі, қытырлақтығы мен тұздылығы 40 пайызға дейін артық бағаланған.

Қатысушылардың айтуынша, тыйым салынған нәрсені жеп көру кезіндегі адреналин мен кінә сезімі тағамды ерекше әсерлі етеді. Ғалымдар мұны «тыйым салынған жеміс эффектісімен» түсіндіреді: адамға қолжетімсіз не тыйым салынған нәрсе автоматты түрде тартымдырақ болып көрінеді.

Зерттеу авторлары мұндай құбылыс адамның сыйақы жүйесі мен эмоциялық реакцияларын жақсырақ түсінуге көмектесетінін айтады. Сонымен қатар сирек немесе шектеулі нәрсеге деген психологиялық қызығушылық адамдарды импульсивті әрекеттерге итермелеуі мүмкін екені анықталған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар