Қазақстандық балуандар әлем чемпионатында жеті медаль жеңіп алды

/
Қазақстандық балуандар әлем чемпионатында жеті медаль жеңіп алды
olympic.kz

Қазақстан құрамасы АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы күрестен әлем чемпионатын жеті медальмен аяқтады. Ұлттық құрама қоржынына үш алтын, бір күміс және үш қола жүлде түсті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Әлем біріншілігінде қазақстандық балуандар еркін күрес, грек-рим күресі және әйелдер күресі бойынша сынға түсіп, жүлделі орындардан көрінді.

Еркін күрестен 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Мерей Базарбаев әлем чемпионы атанды. Ол финалдық белдесуде түркиялық Бекир Кесерді 8:0 есебімен жеңіп, алтын медаль иеленді.

Грек-рим күресінен бес медаль

Қазақстан құрамасы грек-рим күресінен екі алтын, бір күміс және екі қола медаль жеңіп алды.

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Айбек Айтбеков қарсыластарынан басым түсіп, әлем чемпионы атанды. Ал 72 келіде белдескен Юсуф Ашрапов та алтын медальға қол жеткізді.

87 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Темірлан Тұрдақын күміс жүлдегер атанды. Сонымен қатар Арсен Жұма 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде, ал Джохар Узаров 130 келіде қола медаль иеленді.

Шұғыла Өмірбек қола жүлдегер атанды

Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының қоржынына Шұғыла Өмірбек жүлде салды.

55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен қазақстандық спортшы әлем чемпионатының қола медалін жеңіп алды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары