Тараздан Астанаға ұшатын ұшаққа полиция кіріп, шұғыл тексеру жүргізді

/
Тараздан Астанаға ұшатын ұшаққа полиция кіріп, шұғыл тексеру жүргізді
instagram.com/v_shymkente

Тараз – Астана бағытындағы ұшақтың бортында полиция қызметкерлері тексеру жүргізген видео әлеуметтік желіде тарады. Оқиға жолаушылардың бірі ұшудан бас тартқаннан кейін болған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Әлеуметтік желіде жарияланған бейнежазбада полиция қызметкерлерінің ұшақ салонын тексеріп жүргенін көруге болады.

Видео авторының айтуынша, жолаушылардың бірі рейске отырудан бас тартқан соң қауіпсіздік шаралары жүргізіліп, ұшақтың ұшуы кешіккен.

Оқиғаға қатысты Көліктегі полиция департаменті түсініктеме берді.

Ведомство мәліметінше, жағдай 18 қазанда Тараз – Астана бағытындағы рейске жолаушыларды отырғызу кезінде болған. Азаматтардың бірі бортсерікке отбасылық жағдайына байланысты ұшудан бас тартатынын жеткізген.

"2026 жылғы 18 қазанда Тараз – Астана бағытындағы рейспен ұшатын әуе кемесіне жолаушыларды отырғызу кезінде азаматтардың бірі бортсерікке отбасылық жағдайына байланысты ұшудан бас тартатыны туралы өтініш білдірді. Осыған байланысты жолаушы мен оның багажын рейстен түсіру бойынша белгіленген рәсімдер жасалған", – деп түсіндірді полиция.

Осыдан кейін тәртіп сақшылары жолаушы отырған орынның маңын тексерген.

"Аталған жолаушының орындығы маңын тексеру барысында тыйым салынған заттар немесе заттар табылған жоқ. Сонымен қатар бұл оқиғаға байланысты әуе компания өкілдерінен немесе жолаушылардан полицияға ешқандай шағым немесе наразылық түскен жоқ", – деп хабарлады ведомство.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары