Астана қаласында Уәлиханов көшесіндегі тұрғын үй кешендерінің бірінде ірі өрт болды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қазақстан ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, Ш. Уәлиханов көшесіндегі он қабатты тұрғын үйдің алтыншы қабатындағы балконнан өрт шығып, жалын жетінші қабаттың балконына, сондай-ақ ішінара сегізінші қабаттың балконына таралған.
ТЖМ бөлімшелерінің күшімен оттың пәтерлердің ішіне таралуына жол берілмеді. Өрт жедел түрде оқшауланып, толықтай сөндірілді.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себептері анықталуда.
ТЖМ өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаудың маңыздылығын еске салады.