Қарағандыда жолаушылар вагонынан өрт шықты (ВИДЕО)

/
Қарағандыда жолаушылар вагонынан өрт шықты (ВИДЕО)
Astana TV

Бүгін, 6 мамыр күні Қарағанды қаласында теміржол аумағында пайдаланылмай тұрған үш жолаушылар вагоны өртенді. Өрт сөндірушілер жалынды дер кезінде ауыздықтап, оның тұрғын үйлерге таралуына жол бермеді, деп хабарлайды Astana TV.

Телеарна мәліметінше, Қарағанды облысының ТЖД дерегіне сүйенсек, өрт бір-біріне тіркелген есептен шығарылған үш вагонды қамтыған. Соның салдарынан вагондардың ішкі бөлігі толықтай жанып кеткен. Айта кетейік, бұл құрам жеке көлік компаниясының аумағында орналасқан.

"6 мамыр күні сағат 12:29-да Қарағанды қаласы Новоселов көшесінде өрт шыққаны туралы хабар келіп түсті. Оқиға орнына жеткен кезде жеке көлік компаниясы аумағында пайдаланылмай тұрған үш жолаушылар вагонының жанып жатқаны анықталды. Өрттің жалпы аумағы 120 шаршы метр болды", – деді облыстық ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары Құрмет Жұмекенов.

Құтқарушылар жедел әрекет етіп, өрттің жақын маңдағы тұрғын үйлерге таралуына жол бермеді. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар