Доллар жыл басынан бері 10%-ға арзандады

/
Доллар жыл басынан бері 10%-ға арзандады
istockphoto.com

АҚШ долларының индексі (доллардың негізгі валюталарға қатысты бағамын көрсетеді) 2025 жылдың бірінші жартысынан бері шамамен 10%-ға төмендеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

2025 жылдың басымен салыстырғанда, АҚШ доллары мексика песосына қатысты шамамен 16%-ға арзандады, сондай-ақ швейцар франкі, оңтүстік африка рэнді, дат кронасы, швед кронасы және еуроға қатысты 10%-дан 17%-ға дейін төмендеді.

ҚазАқпарат мәліметінше, күшті доллар импортты арзандатып, инфляцияны тежеуге көмектеседі. Әлсіз доллар шетелдік тауарлардың бағасын қымбаттатуы мүмкін, бірақ сонымен қатар америкалық экспорттың артуына ықпал етеді.

Америкалық компаниялардың соңғы есептерінде доллардың әлсіреуі Philip Morris пен Coca-Cola компанияларына тиімді болғаны айтылды. Компания басшылары «валюталық бағамның қолайлы әсері» сияқты тіркестерді қолданып, доллар бағамының төмендеуі АҚШ-тан тыс нарықтарда қолайлы жағдай жасап, пайдаға оң әсер еткенін атап өтті.

АҚШ президенттері ұзақ уақыт бойы доллардың нығаюын қолдап келгенімен, Дональд Трамп күшті доллар елге тиімсіз екенін, ал әлсіз доллар америкалық өнеркәсіпке пайдалы екенін айтқан.

Гарвард университетінің экономисі әрі Халықаралық валюта қорының бұрынғы бас экономисі Кеннет Рогоффтың айтуынша, «Трамптың көптеген шаралары доллар үшін зиянды болғанымен», АҚШ-та кім билікке келсе де, доллардың құнсыздануы жалғасуы мүмкін.

— Доллар 15 жыл бойы өсіп келді. Меніңше, ол әлі де айтарлықтай қымбат бағаланған және алдағы бес-алты жылда 15%-ға арзандауы мүмкін, — дейді Кеннет Рогофф.

Сарапшының айтуынша, шикізат бағалары, әсіресе Ирандағы соғыстың отын құнына әсерін ескере отырып, өсуі ықтимал.

Бұған дейін АҚШ-та бензин бағасы Ирандағы әскери қақтығыс басталғаннан бері 30%-дан астам өскені хабарланған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары