Мемлекет басшысы Польша Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

/
Мемлекет басшысы Польша Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Краков қаласындағы атыс салдарынан адамдардың қаза табуына байланысты Польша президенті Кароль Навроцкийге көңіл айтты, деп хабарлады Ақорда.

"Мемлекет басшысы аталған қастандықты қатаң айыптап, Польша халқына қиын сәтте қолдау білдіретінін, сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілеулес екенін жеткізді", - деп жазылған хабарламада.

Еске сала кетейік, сенбі күні кешке Польша полициясы Краков қаласының орталығында белгісіз біреудің жүріп келе жатқан көліктен оқ атқанын хабарлады. Кейін құқық қорғау органдары алты адамның қаза тапқанын, тағы 16 адамның жараланғанын мәлімдеді. Зардап шеккендердің арасында полиция қызметкерлері де бар. Күдікті ұсталды. Ол жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Күдіктінің үйін тінту кезінде оның әпкесі мен ата-анасының мәйіттері табылған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар