Атырау – Индер облыстық маңызы бар тасжолының 17-шақырымында жантүршігерлік жол апаты болды. Toyota Sienna мен "Нива" көліктері соқтығысып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды turkystan.kz "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.
Қатты соққы салдарынан "Нива" жүргізушісі алған жарақаттарынан жедел жәрдем жеткенше оқиға орнында көз жұмды. Ал Toyota Sienna отқа оранып, түгелдей өртеніп кетті.
Қазір полиция қайғылы оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтап жатыр.