Боксшы Махмұд Сабырхан Олимпиада чемпионы Елдос Сметовпен татамиде кездесті (ВИДЕО)

/
Боксшы Махмұд Сабырхан Олимпиада чемпионы Елдос Сметовпен татамиде кездесті (ВИДЕО)
видеодан скриншот

Екі дүркін әлем чемпионы, боксшы Махмұд Сабырхан Париж Олимпиадасының чемпионы, дзюдошы Елдос Сметовпен татамиде кездесті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Махмұд Сабырхан Instagram парақшасында олардың қарсыласқан сәтінен видео жариялады. Кадрларда Сметов дзюдода "о-сото-гари" деп аталатын әсерлі әдісті (артқы аяқпен іліп лақтыру) сәтті орындағаны көрінеді. Ал Махмұд Сабырхан бұл сәтте айтарлықтай қарсылық көрсете алмады.

"Бокстасып жүре берейін", – деп жазды Махмуд әзіл-шыны аралас пікір қалдырып.

Айта кетейік, Елдос Сметов 2024 жылғы Париж Олимпиадасынан кейін ресми жарыстарға әлі қатысқан жоқ. Ол жарақатынан айығу үшін үзіліс алып, толыққанды жаттығуларға тек 2025 жылдың желтоқсанында оралды.

Ал Махмұд Сабырхан 2026 жылы Ұлан-Батырда өткен Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсетіп, 55 келіге дейінгі салмақта жартылай финалда жеңіліп, қола жүлдегер атанған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары