Біз Қазақстанды стратегиялық серіктес санаймыз – Чехия Премьер-министрі

/
Біз Қазақстанды стратегиялық серіктес санаймыз – Чехия Премьер-министрі
Ақорда

Чехия Премьер-министрі Андрей Бабиш Қазақстанға сапары екіжақты қарым-қатынастың жаңа кезеңіне жол ашатынын айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

– Біз Қазақстанды стратегиялық серіктес санаймыз. Бірлескен күш-жігердің арқасында екіжақты тауар айналымының көлемін арттырамыз деп сенемін. Ең алдымен, энергетика саласындағы ықпалдастықты нығайтқымыз келеді. Сіздің елден ұзақ мерзімді мұнай тасымалына мүдделіміз. Энергетика саласын дамыту стратегиямыз атом энергиясына арқа сүйейді. Сондықтан Қазақстанға әлемдегі уран өндіретін ірі мемлекет ретінде де қызығушылық танытамыз, – деді Чехия Премьер-министрі Ақордадағы кеңейтілген құрамда өткен келіссөзде.

Чех Үкіметінің басшысы Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігі қуат өндірудің әртараптандырылған тәсіліне негізделгеніне мән берді.

Сондай-ақ ол чех компанияларының аталған салада бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын екенін растады.

Андрей Бабиш Қасым-Жомарт Тоқаевты жаңа Конституция қабылдау бойынша референдумның табысты өтуімен құттықтап, бұған мемлекеттілікті нығайтатын және елді жарқын болашаққа жетелейтін маңызды қадам ретінде баға берді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары