Ақтөбе облысы прокуратурасы мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді заңсыз беру схемасының жолын кесті, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Ақтөбе қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» ММ-нің бұрынғы басшысы лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалана отырып, кезекте тұрмаған тұлғаларға пәтер бөлуді ұйымдастырған.
Тізімге заңсыз 15 азамат енгізілген.
Схема бойынша бастапқыда тұруға жарамсыз тұрғын үйлерді беріп, кейін оларды жайлы пәтерлерге ауыстырып, тұрғын үй комиссиясымен заңсыз шешімдер қабылдау арқылы жүзеге асырылған.
Пәтерлер жекешелендірілген және сатылған, бұл пайдакүнемдік ниетін растайды.
Биылғ жылдың 29 сәуірінде, Ақтөбе қаласының №2 сотының үкімімен кінәлі тұлға 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстары жалғасуда.