Оңтүстік Кореяда бұрынғы бірінші ханым Ким Гон Хиға қатысты сот үкімі қатаңдатылды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Апелляциялық сот оның акцияларды манипуляциялау және парақорлық ісі бойынша жазасын қайта қарап, түрме мерзімін ұлғайтты. Бұған дейін ол 20 айға сотталған болса, енді жаза төрт жылға дейін ұзартылды. Сонымен қатар оған 50 миллион вон (шамамен 34 мың доллар) айыппұл салынды.
Тергеу нұсқасына сәйкес, Ким Гон Хи автокөлік дилерлік компаниясының акцияларының бағасын қолдан көтеру арқылы 810 миллион вон (шамамен 564 мың доллар) табыс тапқан. Сондай-ақ оған саяси науқандарды қаржыландыру ережелерін бұзды деген айып тағылған.
Еске сала кетейік, осы жылдың ақпан айында Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Юн Сок Ёль 2024 жылғы желтоқсандағы бүлік ісіне байланысты өмір бойына бас бостандығынан айырылған болатын. Сот үкімін Сеулдің орталық аудандық соты шығарған.