Чехияда шағын ұшақ апатқа ұшырап, салдарынан ұшқыш көз жұмды. Бұл туралы turkystan.kz Novinky порталына сілтеме жасап хабарлады.
Басылымның мәліметінше, қайғылы оқиға Чехияның орталық бөлігіндегі Бенешов қаласына қарасты Вранов ауылының маңында болған.
Алдын ала болжам бойынша, қолайсыз ауа райы ұшақ апатына себеп болуы мүмкін. Ауа райының нашарлауына байланысты ұшқыш әуе кемесін басқара алмай қалған.
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Апаттың нақты себебін полиция мен сарапшылардан құралған арнайы комиссия тексереді.