Алматыда балаларының көзінше әйелін ұрып өлтірген полицейге үкім шықты

/
Алматыда балаларының көзінше әйелін ұрып өлтірген полицейге үкім шықты
istockphoto.com

Алматыда бұрынғы полиция қызметкері Серік Накимов азаматтық некедегі әйелін аса қатыгездікпен өлтіргені үшін 15 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қайғылы оқиға 2025 жылдың мамыр айында болған. Отбасылық жанжал кезінде ер адам әйелге пышақпен 39 рет соққы жасаған. Оқиға ерлі-зайыпты тәрбиелеп отырған үш баланың көз алдында болған.

Шабуылдан кейін Накимов өзіне қол жұмсамақ болған деген болжам бар. Алайда ол аман қалған. Кейін ол кісі өлтіруді аффект жағдайында жасағанын және болған оқиғаны тек ауруханада ғана түсінгенін айтқан. Алайда сот оның бұл уәждерін, соның ішінде полиция қызметкерлерінің айғақтарын ескере отырып, қабылдамады.

Сот Серік Накимовты аса қатыгездікпен кісі өлтіргені үшін кінәлі деп танып, қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеумен 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Бұдан бөлек, сотталған азамат марқұмның отбасына моральдық зиянды өтеу үшін 10 миллион теңге төлеуге міндеттелді.

Марқұмның туыстары сот үкіміне көңілдері толатынын жеткізді. Дегенмен бастапқыда олар ер адамды өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұраған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары