Құны – 100 млн теңге: Қызыл кітапқа енген сұңқарларды заңсыз әкетпек болғандар ұсталды

/
Құны – 100 млн теңге: Қызыл кітапқа енген сұңқарларды заңсыз әкетпек болғандар ұсталды
ҰҚК

ҰҚК Шекара қызметі сирек кездесетін және қорғауға алынған жануарлар түрлерін ел аумағынан заңсыз әкету фактілерінің жолын кесу бойынша жүйелі жұмыстарды жалғастыруда, деп хабарлайды turkystan.kz.

2026 жылғы 31 қазанда Түркістан облысындағы «Целинный» өткізу пунктінде шекарашылар Қызыл кітапқа енген 11 ителгіні контрабандалық жолмен әкету әрекетінің жолын кесті. Қазақстан Республикасының азаматы ұсталды.

Тәркіленген құстардың қара нарықтағы құны 100 млн теңгеден асуы мүмкін.

Аталған факті бойынша материалдар тиісті процестік шешім қабылдау үшін құзыретті органдарға жолданды.

 

 

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар