Ветеринарлардың жалақысы өсіп, әлеуметтік жағдайы жақсармақ

/
Ветеринарлардың жалақысы өсіп, әлеуметтік жағдайы жақсармақ
istockphoto.com

Құрылтай ветеринария мәселелері бойынша заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Депутаттардың бастамасымен әзірленген құжат ветеринария саласын кешенді түрде жаңартуға бағытталған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Заң жобасында ветеринария мамандарына бірқатар әлеуметтік қолдау көрсету көзделген.

Атап айтқанда:

– жыл сайын ақылы еңбек демалысын беру және емдеу-сауықтыруға арналған жәрдемақыны кемінде екі лауазымдық жалақы мөлшерінде төлеу;

– негізгі жұмыс орны бойынша ветеринария саласындағы ғылыми дәрежесі бар мамандарға ай сайын қосымша ақы төлеу. Атап айтқанда, ғылым кандидаттарына – 17 АЕК, ал ғылым докторларына 34 АЕК көлемінде үстемеақы беріледі.

Сонымен қатар ветеринария саласында ветеринариялық палата түріндегі қоғамдық ұйым құрылады. Ол ветеринар дәрігерлердің құқықтары мен кәсіби мүдделерін қорғайды, олардың есебін жүргізеді және біліктілігін арттыруға ықпал етеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар