Қызылордада деменцияға шалдыққан ер адам 6 күннен бері табылмай жатыр

/
Қызылордада деменцияға шалдыққан ер адам 6 күннен бері табылмай жатыр
Polisia.kz

29 қазан күні Қызылорда қаласының тұрғыны деменцияға шалдыққан 65 жастағы Гани Көшербаев тұрғылықты мекенжайынан белгісіз бағытқа шығып, қайта оралмаған. Аталған оқиға бойынша туыстары полицияға арызданған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Хабарлама түскен бойда полиция қызметкерлері жедел-іздестіру жұмыстарын бастап кетті.

Іздестіру шараларына Полиция департаментінің жеке құрамы жұмылдырылып, барлық қала ауданға бағыт-бағдарлар жолданды. Сонымен қатар азаматтың жүрген бағытын анықтау мақсатында қала көлемінде барлық бейнебақылау камералары тексерілді. Тексеру нәтижесімен хабар-ошарсыз кеткен Көшербаевтың Титов қыстағы аумағында кетіп бара жатқаны бейнекамера көмегімен анықталды.
Қазір хабар-ошарсыз жоғалған азаматтың кету бағыты бойынша іздестіру аумағы кеңейтіліп, Ұлттық ұлан әскери бөлімінің сарбаздары жұмылдырылуда, сондай-ақ қызметтік иттер мен техникалық құрылғылар пайдаланылуда.

Жоғалған азаматтың фотосуреті барлық әлеуметтік желілерге, сондай-ақ департаменттің ресми әлеуметтік желідегі парақшаларында жарияланды.
Қазіргі уақытта Гани Көшербаевты іздестіру жұмыстары жалғасуда.

Егер сізде жоғалған азамат туралы қандай да бір ақпарат болса, Қызылорда облысының полиция департаментіне: 8 (7242) 29-73-58, 25-76-84, 29-75-20 немесе «102» арнасына хабарласуларыңызды сұраймыз.

Аталған дерек Қызылорда облысы полиция департаменті басшылығының бақылауында.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар