23 жастағы әуесқой математик ЖИ көмегімен 60 жыл шешілмеген есептің жауабын тапты

/
23 жастағы әуесқой математик ЖИ көмегімен 60 жыл шешілмеген есептің жауабын тапты

Аустралиялық 23 жастағы әуесқой математик Лиам Прайс жасанды интеллект көмегімен 60 жыл бойы шешілмеген есептің шешімін тапты, деп хабарлайды turkystan.kz scientificamerican.com-ға сілтеме жасап.

Математика саласында арнайы білімі жоқ Лиам Прайс ChatGPT Pro жүйесін пайдаланып, әйгілі Эрдош проблемалары қатарына кіретін тапсырмалардың бірін шешкен. Бұл есеп «примитивті жиындар» қасиеттеріне қатысты, яғни бірде-бір саны екіншісіне толық бөлінбейтін бүтін сандар жиыны.

Бұл мәселені венгр математигі Поль Эрдош шамамен 60 жыл бұрын ұсынған. Ол мұндай жиындар үшін арнайы қосындының ең кіші мәні сандар ұлғайған сайын бірге жуықтайды деп болжаған.

Прайс нейрожеліге есептің шартын енгізгеннен кейін, жүйе күтпеген әдіс ұсынған: басқа математикалық салада қолданылатын формуланы осы есепке бейімдеген. Бұған дейін мұндай тәсілді ешкім қолданбаған. Жауаптың бастапқы нұсқасы толық дайын болмағанымен, оны кейін кәсіби математиктер өңдеген. Атап айтқанда, Теренс Тао және Джаред Лихтман дәлелдеуді ықшамдап, нақтылаған. Кембридж студенті Кевин Баррето бұл жұмысты ғылыми ортаға жеткізуге көмектескен.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары