Қазақстандық сейсмологтар магнитудасы 4,8 және 5,1 болатын жер сілкіністерін тіркеді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Алғашқы жер сілкінісі магнитудасы 5,1 болып, 28 қазан күні кешке тіркелді. Ал екінші жер сілкінісінің магнитудасы 4,8-ге жетіп, 29 қазан күні таңертең болды.
Ұлттық ядролық орталықтың Геофизикалық зерттеулер институты Қазақстан ұлттық деректер орталығының мәліметінше, соңғы жер сілкінісі 2026 жылғы 29 қазанда Астана уақытымен сағат 03:42-де болған.
Жер сілкінісінің эпицентрі Қытай аумағында, Қазақстан шекарасына жақын жерде орналасқан. Магнитудасы 4,8, энергетикалық класы 11 болды.
Осы ауданда бұған дейінгі жерасты дүмпулері 28 қазан күні кешкі сағат 20:40-та тіркелген. Ол кезде жер сілкінісінің магнитудасы 5,1-ге, ал энергетикалық класы 11,9-ға жеткен.