Былтырдан бастап 29 қазан ресми түрде кәсіби мереке – Қазақстан кәсіпкерлері күні болып белгіленді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің тиісті бұйрығына 2025 жылғы 30 шілдеде қол қойылды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл күнді таңдау маңызды тарихи оқиғаға байланысты. 2015 жылғы 29 қазанда бизнесті қолдау жөніндегі бірыңғай мемлекеттік саясаттың базалық қағидаттарын қалыптастыра отырып, кәсіпкерлік, инвестиция, бәсекелестік және мемлекеттік бақылау саласындағы негізгі заңнамалық актілерді шоғырландырған ҚР Кәсіпкерлік кодексі қабылданды.
Бүгінде Қазақстанда өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды қоса алғанда, кәсіпкерлік субъектілерінің саны шамамен 3,2 миллионға жетті. Бұл көрсеткіштің артында жаңа өндіріс орындарын ашып, жұмыс орындарын құрып, отандық тауарлар мен қызметтердің дамуына үлес қосып жүрген азаматтардың еңбегі тұр.