28 қазан күні Астанада автобус жүргізушісі жолды белгіленбеген жерден кесіп өтпек болған жаяу жүргіншіні қағып кеткен, деп хабарлайды turkystan.kz.
Полиция мәліметінше, кенет тежеуді басу салдарынан автобустағы үш жолаушы дене жарақатын алған.
Жаяу жүргінші мен үш жолаушы медициналық мекемеге жеткізілді. Қазір оларға қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.