Олжас Бектенов Алматы тау кластерін жүзеге асыруды жеделдетуді тапсырды

/
Олжас Бектенов Алматы тау кластерін жүзеге асыруды жеделдетуді тапсырды
Үкімет

Премьер-министр Олжас Бектенов туризм және спорт министрі, Алматы облысы мен Алматы қаласы әкімдері, сондай-ақ Almaty Superski жобасын жүзеге асыруға жауапты Kazakh Tourism Development Ltd басшылығының қатысуымен Алматы тау кластерін (АТК) дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Премьер-министр жоспарланған іс-шаралардың орындалу барысы, жобалардың ағымдағы мәртебесі және АТК дамыту жөніндегі алдағы қадамдар туралы баяндамаларды тыңдады.

Алматы тау кластерін дамытудың кешенді жоспары 73 іс-шараны қамтиды, оның 49-ын биыл жүзеге асыру жоспарлаған. Бірінші кезеңде Шымбұлақты жаңғырту және Бутаковка, Кімасар шатқалдары аймақтарын дамыту көзделген. Екінші кезең 2027 жылы басталады және Пионер, Oi-Qaragai курорттарын дамытуды, сондай-ақ оларды аспалы жол жүйесі арқылы біріктіруді қамтиды.

Kazakh Tourism Development Ltd атқарушы директоры Ержан Еркінбаев Almaty Superski тұжырымдамасында жаяу серуендеушілердің кешенді инфрақұрылымын, заманауи визит-орталықтарын және соқпақтар мен маршрут белгілерінен бастап биік таулы аймақтардағы шұғыл байланысқа, цифрлық навигацияға және күрделілігі әртүрлі деңгейдегі маршруттар каталогтеріне дейін бірыңғай қауіпсіздік жүйесін құруға ерекше мән берілетінін баяндады. Жобаның ерекшелігі Шымбұлақ, Almaty Superski курорттарына және басқа да келешегі зор бағыттарға аспалы жолдардың негізгі көлік торабы болатын бірыңғай вокзал болады.

Қала әкімі Дархан Сатыбалды Алматы қаласының әкімдігі атқарып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Шымбұлақты жаңғырту аясында биыл мамыр айында жеті аспалы көпірдің алғашқысының құрылысы басталады. Жыл соңына дейін екі жаңа желіні аяқтау жоспарлануда, оған 5 шақырымнан астам трассаны қосылады (қазіргі жалпы ұзындығы – 18 км). Сондай-ақ Шымбұлақта 2 аспалы жол жаңғыртылады.

Almaty Superski жобасы қазір инженерлік инфрақұрылым дайындап, жабдықтар сатып алуда. Биыл 8 көпір мен су өткізу құрылыстарын салу көзделген. Биылғы маусым айында ұзындығы 6 шақырым автожол құрылысын бастау жоспарланып отыр. Газбен жабдықтау және кәріз желілері 2027 жылы жолмен бір мезгілде салынады. Жалпы, қала әкімдігінің мәлімдеуінше, инженерлік инфрақұрылым мен автожол 2027 жылдың қыркүйегіне дейін аяқталады деп күтілуде.

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев 2025-2029 жылдарға арналған кешенді жоспар шеңберінде өңірде 92,8 млрд теңге болатын 15 іс-шара көзделгенін, оның 83,8 млрд теңгесі жеке инвестициялар екенін баяндады. Oi-Qaragai курортында бүгінде бірқатар жұмыстар орындалды, соның ішінде 10 орындық гондола және 6 орындық аспалы жол, шаңғы трассаларының бірінші кезеңі, параглайдинг алаңы және басқа да нысандар пайдалануға берілді. 2027 жылдың III тоқсанында курортты қосымша электрмен жабдықтау жобасы аяқталады деп күтілуде. Сондай-ақ, «Тау-Тұран – Байбұлақ» автомобиль жолын күрделі жөндеу жоспарлануда.

Премьер-министр жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдар тарапынан жұмыс қарқыны баяу екенін айтты. Алматы тау кластері мен Almaty Superski курортының дамуы ерекше бақылауда екені атап өтілді.

«Алматы тау кластері мен Almaty Superski курортын дамыту – экономика үшін туристер ағынын ұлғайтуға және инвесторларды тартуға тікелей ықпал ететін  маңызды жобалар. Оларды жүзеге асыру негізсіз созылып бара жатыр. Мемлекеттік органдар бұл жұмысқа толық кіріскен жоқ. Барлық мәселені жедел және бірлесіп шешіңіздер», — деді Олжас Бектенов.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары